Талғар ауданының әкiмдiгiнiң кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Талғар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының 1-қосымшаға сәйкес, күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қыдырбек-ұлына жүктелсін.
Аудан әкiмi
Р.Садыкова
Талғар ауданының әкімдігінің
16.09.2016 жылғы № 09-594
қаулысына 1- қосымша
1. 2015 жылғы 05 ақпандағы «Талғар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №02-34 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 05 наурызда №3090 тіркелген және 2015 жылғы 20 наурызда «Талғар» газетінің №14-15 жарияланған).
2. 2013 жылғы 16 сәуіріндегі «Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі «Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №04-388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №04-199 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 20 мамырдағы №2359 тіркелген және 2013 жылғы 01 маусымдағы «Талғар» газетінің №22 жарияланған);
3. 2012 жылғы 15 қарашадағы «Талғар ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмілетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №11-947 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №2240 тіркелген және 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Талғар» газетінің №52 жарияланған);
4. 2012 жылғы 24 сәуірдегі «Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №04-388 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 мамырдағы №2-18-147 тіркелген және 2012 жылғы 09 маусымдағы «Талғар» газетінің №23 жарияланған);
5. 2011 жылғы 27 сәуірдегі «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» №04-339 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 11 мамырда №2-18-130 тіркелген және 2011 жылғы 21 мамырда «Талғар» газетінің №18 жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.