Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 20 мамырдағы «Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» № 02 шешімінің күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының 2016 жылдың 20 қыркүйектегі №2-0420-16-00772 наразылығын басшылыққа ала отырып, Сарыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің 2016 жылғы 20 мамырдағы «Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» № 02 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 10 маусымында № 3882 тіркелген, «Кербұлақ жұлдызы» газетінде 2016 жылдың 17 маусымында №25 (3826) жарияланған) күші жойылсын.
2. Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Турганбаева Лязат Бейсеновнаға ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Сарыбастау ауылдық округінің әкімі
К.Султанбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.