Көшеге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 тамыз 2016 ж.

    Көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Миялы ауылында орналасқан атауы жоқ көшеге, Еңбек ардагері Сүйінов Сайфолланың есімі берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімінің міндетін атқарушы:

    Ә.Шаймарданов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.