"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 150 қаулысының күшін жою туралы
"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 3 тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек – балаларға әлеуметтік көмек туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 150 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 17 маусымда № 9-5-126 тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымдағы № 25 аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Б. Алпысбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.