Ынтымак ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ынтымак ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 26 тамыздағы №02-03/350 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ынтымақ ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесінің тұрғыны Г.Мейірхановтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-ветеринары А.Ашимовке жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ынтымақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы:

    Д.Абдираимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.