Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2016 ж.

    Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Төмендегі көрсетілген келесі аудан әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) 2010 жылғы 26 шілдедегі №19/03 «Ғ. Мұстафин кентінде Нұра станциясында некробактериоз бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-11-98 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 тамыздағы №33 «Сарыарқа» аудандық газетінде жарияланған);

    2) 2010 жылғы 12 тамыздағы №21/01 «Қызылқайың ауылдық округі бойынша некробактериоз шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-11-99 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі №35 «Сарыарқа» аудандық газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы Алия Елубаевна Шайкеноваға жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Н.Кобжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.