«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықта:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әділет органдарының басшысы және оның орынбасарлары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары Кодекстің 460-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Б. Имашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.