Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6–V «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6 –V «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 – бабының 5- тармағына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6 –V «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2842 тіркелген, 2013 жылғы 31 қаңтарда «Көктас таңы», «Пульс! Зыряновска» № 4 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    1- тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы

    Р. Карагужина

    Зырян ауданының мәслихат хатшысы

    Л. Гречушникова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.