2015 жылғы 26 ақпандағы № 193 ««Ұлан ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2015 жылғы 26 ақпандағы № 193 ««Ұлан ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық акт тіркеу тізілімінде 3763 нөмерімен 2015 жылғы 20 наурызда тіркелген, аудандық «Ұлан таңы» газетінің 2016 жылғы 21 сәуірдігі № 38 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі
Д. Батырбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.