Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 қазандағы «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-880 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 қазандағы «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 06 қарашадағы № 3535 болып тіркелген, «Заман жаршысы» газетінде 2015 жылдың 27 қарашада № 49 (8167) жарияланған) № 10-880 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айжан Нурдильдаевна Назарбаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Бигельдиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.