Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» №41/413-3с шешімнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі №41/413-3с «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-1-59 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамызда №31 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) және Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №46/331-5с «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі №41/413-3с шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3100 тіркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2015 жылғы 3 сәуір №14 жарияланған шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Б.Салимов
Қалалық мәслихат хатшысы
Н.Бекназаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.