Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Қара Арна ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылындағы:
1) №1 көшеге – «Жаңажол» атауы;
2) №2 көшеге – «Алға» атауы;
3) №4 көшеге – «Ақтайлақ» атауы;
4) №5 көшеге – «Досының ағы» атауы;
5) №6 көшеге– «Тайкеткен» атауы;
6) №7 көшеге – «Қазақстан» атауы;
7) №8 көшеге – «Ракөш» атауы;
8) №9 көшеге – «Иманғара» атауы;
9) №12 көшеге – «Құлманбет Жамансарыұлы» есімі;
10) №13 көшеге – «Қойқара» атауы;
11) №14 көшеге – «Жаршық» атауы;
12) №15 көшеге – «Ақжал» атауы;
13) №16 көшеге – «Қылышов Иманғали» есімі;
14) №17 көшеге – «Берекетов Төлеген» есімі;
15) №18 көшеге – «Нұрмағанбетов Ботай» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қара Арна ауылдық округі әкімі
Е.Елеусінов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.