Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №308 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қыркүйек 2016 ж.

    Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №308 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2014 жылғы 25 шілдедегі №308 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3604 тіркелген) Ақжайық ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары А.Б.Абуғалиевке жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Ә.Жоламанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.