Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы №155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және 27-бабының 11 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат кезекті ІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы №155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №2799 санымен тіркелген, аудандық «Дендер» газетінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

    келесі мәтіндегі 4-1 тармақпен толықтырылсын:

    «4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ділмұқашева) жүктелсін.

    3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 шілдедегі №23-VІ «Индер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» шешімі жойылсын.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Аудандық мәслихаттың кезекті ІV сессиясының төрағасы

    М. Ілияс

    Аудандық мәслихат хатшысы

    Б. Сапаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.