Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №1000 қаулысына сәйкес төмендегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
1) «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 06 ақпандағы №2/7 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылғы 06 наурызда №10-9-218 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2012 жылғы 20 наурыздағы №30-3 (7973-7974) нөмірінде жарияланған;
2) «Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 06 ақпандағы №2/8 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылғы 05 наурызда №10-9-217 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2012 жылғы 20 наурыздағы №30-3 (7973-7974) нөмірінде жарияланған;
3) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/6 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылғы 24 сәуірде №4643 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2014 жылғы 17 мамырдағы №34 (8188) нөмірінде жарияланған;
4) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 02 наурыздағы №37/7 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылғы 26 наурызда №4925 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2015 жылғы 01 сәуірдегі №24 (8274) нөмірінде жарияланған.
2. Қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы:
К.Койкелдиев
Аудандық мәслихат хатшысы:
Ә.Оразбекұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.