Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы «Ақсу қаласында 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» № 175/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы «Ақсу қаласында 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» № 175/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 болып тіркілген, 2016 жылғы 26 наурыздағы «Ақсу жолы» және «Новый путь» қалалық газеттерінде жариаланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 33-жолмен толықтырылсын:
«
|
33
|
Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласы білім бөлімінің «Айналайын» бөбектер бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
|
280
(республи-
калық бюджет)
|
28986
|
18665
|
5 жасқа дейін
- 10500;
5-7 жастан бастап
- 8500.
».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қала әкімі
Н. Дүйсимбинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.