Аудан әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 мамыр 2015 ж.

    Аудан әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №79 «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3162 тіркелген, аудандық «Қызылқоға» газетінде 2015 жылы 16, 23 сәуірде жарияланған), аудан әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.

    2. Осы қаулы аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялансын.

    3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Абуовке жүктелсін.

    Аудан әкімі

    М.Мұқанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.