Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі «2016 жылға Успен ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 121/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 26 шілдедегі № 5180 болып тіркелген, «Аймақ ажары» және «Огни села» газетінде 2016 жылғы 13 тамыздағы № 32 номерінде жарияланған);
2) Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» № 122/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 26 шілдесінде № 5182 болып тіркелген, «Аймақ ажары» және «Огни села» газетінде 2016 жылғы 13 тамыздағы № 32 номерінде жарияланған);
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі
С. Саламацкий
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.