Верненка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қыркүйек 2016 ж.

    Верненка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабына сәйкес, Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 2-19/302 ұсынымхаты негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:

    1. Ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Верненка ауылдық округі Львовка ауылы «Вильгельм» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың лейкоз ауруымен ауру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары тоқталсын.

    2. Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 7 қазанда № 4753 болып тіркелген, 2015 жылы 15 қазанда «Тереңкөл тынысы» № 41, 2015 жылғы 22 қазанда «Заря» № 42 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Верненка ауылдық округ әкімі

    Г. Ахметова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.