Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтіз-белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы

    А. Исқақов

    Өскемен қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 26 тамыз

    № 1894 қаулысына

    қосымша

    Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

    Тізімдік саны бар ұйымдар
    Квота мөлшері (%)
    елуден жүз адамға дейін
    2
    жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
    3
    екі жүз елу бірден артық адам
    4

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.