Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қаңтар 2017 ж.

    Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №317 бұйрығына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеровке жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ғ.Қазантаев

    Сырдария ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «16» қыркүйектегі

    №297 қаулысына қосымша

    Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері

    № р/с
    Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі
    Өтінім ұсыну мерзімдері
    1.
    Күріш
    25 тамыздан 01қарашаға дейін
    2.
    Мақсары
    25 тамыздан 01қарашаға дейін
    3.
    Ағымдағы жылғы жоңышқа
    25 тамыздан 01қарашаға дейін
    4.
    Өткен жылғы жоңышқа
    25 тамыздан 01қарашаға дейін
    5.
    Картоп
    25 тамыздан 01қарашаға дейін
    6.
    Көкөніс
    25 тамыздан 01қарашаға дейін
    7.
    Бақша
    25 тамыздан 01қарашаға дейін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.