Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қыркүйек 2016 ж.

    Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қуанышкереевке жүктелсін.

    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т.Сұлтанбеков

    Аудан әкімдігінің 2016 жылғы

    5 қыркүйектегі №182 қаулысына

    қосымша

    Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

    Мүліктің атауы
    Шығарылған жылы
    Теңгерім ұстаушы
    1
    Автокөлік Ваз 21213 тіркеу нөмірі
    038AL06
    2001
    «Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
    2
    Автокөлік Ваз 21310 тіркеу нөмірі
    015AL06
    2006
    «Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
    3
    Эксковатор ЮМЗ-6 Борекс 2102
    тіркеу нөмірі
    AHD845Е
    2006
    «Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
    4
    Автокөлік Уаз 31519-095-02
    тіркеу нөмірі
    510AО06
    2005
    «Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
    5
    Автокөлік Уаз 390902
    тіркеу нөмірі
    808AL06
    2002
    Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    ММ-мемлекеттік мекеме

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.