«Қызылжар ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Мәртөк ауданының Андреевка селосын Қызылжар ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 244 қаулысы мен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 394 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 болып тіркелген), «Мәртөк ауданының Студенческое селосын Бөрте ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 245 қаулысы мен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 395 шешімі мен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3315 болып тіркелген) сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Қызылжар ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында «наименования» деген сөзі «наименований» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Қызылжар ауылында – Есет Батыр, Абай Кұнанбаев, 10-жылдық Астана, Еңбек;
Бөрте ауылында – Абай, Бейбітшілік, Есет Батыр, Жағалау, Ыбырай Алтынсарин, Болашақ, Орталық;
Шевченко ауылында – 10-жылдық Астана, Тәуелсіздік, Мұхтар Әуэзов, Ф.Ф. Озмитель, Ардагерлер, Қобыланды батыр.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі
А. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.