«Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 02 желтоқсандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Мәртөк ауданының Чайда селосын Шаңды ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 246 қаулысы мен Ақтөбе облысы маслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 396 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген) , «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Черемушки селосын Торайғыр ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 77 қаулысы мен Ақтөбе облысы маслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы № 368 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3363 болып тіркелген), «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Новодонцы селосын Егізата ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 78 қаулысы мен Ақтөбе облысы маслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы № 369 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3364 болып тіркелген) сәйкес, Құрмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1 «Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-68 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында «наименования» деген сөзі «наименований» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1 тармағының 2), 4), 5) тармақшалары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Торайғыр ауылында: Некрасов, Асау Барақ, Абай Құнанбаев, Сәңкібай Батыр, Т. Рысқұлов;
4) Шаңды ауылында: Ә. Жангельдин, Есет батыр;
5) Егізата ауылында: Әлия Молдағұлова, Бөкенбай батыр.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі
А. Жарманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.