Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасары Р.Мыңбаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Кентау қаласының әкімі

    Ә. Мақұлбаев

    Кентау қаласы әкiмдiгiнiң

    2016 жылғы 26 тамыздағы

    №437 қаулысына 1 қосымша

    Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Қала атауы
    Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны
    Оның iшiнде
    республикалық бюджет есебiнен 
    жергiлiктi бюджет есебiнен 
    1
    Кентау қаласы
    4068
    2435
    1633

    Кентау қаласы әкiмдiгiнiң

    2016 жылғы 26 тамыздағы

    №437 қаулысына 2 қосымша

    Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшерi

    Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
    Бөбекжай-балабақша
    Мектеп жанындағы шағын орталық
    20399
    14908

    Кентау қаласы әкiмдiгiнiң

    2016 жылғы 26 тамыздағы

    №437 қаулысына 3 қосымша

    Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

    Барлығы
    3 жасқа дейінгі күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
    3-7 жас аралығындағы күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
    291,00
    357,00
        Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.