Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-930 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2016 ж.

    Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-930 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы ««Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 қарашада №3575 болып тіркелген, аудандық «Заман жаршысы» газетінде 2015 жылдың 4 желтоқсанында жарияланған) № 10-930 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Джапаров Максут Рамазановичқа жүктелсін.

    Аудан әкімі

    М. Бигельдиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.