Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 07 тамыздағы «Қарасай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 8-635 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2016 ж.

    Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 07 тамыздағы «Қарасай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 8-635 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8 тармағына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 7 тамыздағы «Қарасай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 қыркүйекте № 3392 болып тіркелген, «Заман Жаршысы» газетінде 2015 жылдың 18 қыркүйекте № 39 (8157) және жалғасы 2015 жылдың 24 қыркүйекте № 40 (8158) жарияланған) № 8-635 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жұмәділге жүктелсін.

    Аудан әкімі

    М. Бигельдиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.