Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 06 қазандағы «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-883 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8 тармағына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 06 қазандағы «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 06 қарашада № 3536 болып тіркелген, «Заман Жаршысы» газетінде 2015 жылдың 13 қарашада № 47(8165) және жалғасы 2015 жылдың 20 қарашада № 48(8166) жарияланған) № 10-883 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жұмәділге жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Бигельдиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.