Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-908 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 13 қарашасында №3552 болып тіркелген, «Заман жаршысы» газетінде 2015 жылдың 27 қарашасында №49 жарияланған) № 10-908 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Амиргалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Бигельдиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.