Балқаш қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21-1 бабы 2 тармағын басшылыққа алып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 26/30 «Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын анықтау туарлы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі №1923, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №98 (11916) «Балқаш өңірі» және №99 (994) «Северное Прибалхашье» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Балқаш қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі (М.А. Камелбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулыдан туындайтын тиісті жұмысты жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Болат Серикулы Асылбековке жүктелсін.
Балқаш қаласының әкімі
А. Аглиулин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.