«Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 119 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 119 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдықаумақтарды дамытуды мемлекеттікреттеу туралы»Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 119 «Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 тіркелген, 2013 жылғы 4 желтоқсанда «Ойыл» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы».

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы:

    Қ. Алтымов

    Аудандық мәслихат хатшысы:

    Б. Бисекенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.