Әкімдіктің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 377 «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қыркүйек 2016 ж.

    Әкімдіктің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 377 «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 377 «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5882 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А. Мұхамбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.