Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі «Панфилов ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы №750 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі « Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (2015 жылдың 14 қазанында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 3481 болып енгізілген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 39 жарияланған) № 750 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы
Ш.Курбанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.