Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай:

    1) ""Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 769 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1700 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 12, 563-құжат.);

    2) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 24 мамырдағы № 360 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1866 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 31, 659-құжат.) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;

    2) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министр полиция генерал-полковнигі

    Қ. Қасымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.