Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 17/6 «Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 тамыз 2016 ж.

    Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 17/6 «Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 17/6 «Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3861 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдедегі № 26/462 «Приозерский вестник» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Қала әкімі

    Қ. Камзин

    Приозерск қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы «18» тамыздағы

    № 29/1 қаулысына қосымша

    Приозерск қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы «19» мамырдағы

    № 17/6 қаулысына қосымша

    Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы бір ай­ға қар­жы­лан­ды­ру мөл­ше­рі (тең­ге)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы ат-ана­лар­дың бір ай­ға ақы тө­леу мөл­ше­рі (тең­ге)
    Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге бір ай­ға жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар­дың ор­та­ша құ­ны (тең­ге)
    Мемлекеттік
    Мемлекеттік
    Мемлекеттік
    Мемлекеттік
    1.
    Балабақша
    460
    23786
    2-ден 3 жасқа дейін – 8500
    3-тен 5 жасқа дейін – 9500
    5-тен 7 жасқа дейін – 10500
    23786
    2.
    Мектепке дейінгі шағын орталық
    160
    15129
    2-ден 3 жасқа дейін – 8500
    3-тен 5 жасқа дейін – 9500
    5-тен 7 жасқа дейін – 10500
    15129

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.