Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 «Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 «Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4527 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Б. Өтеулин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.