Жосалы кентінің көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі №2 қорытындысына сәйкес Қармақшы ауданы Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі көшелеріне:
1) «Мөлтек - 2» көшесіне Келмембет батыр есімі;
2) «Жастар - 5» көшесіне Мұқамбетқали Шыңғысовтың есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жосалы кентінің әкімі
А.Мереков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.