Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрдің міндетін атқарушы
Р. Дәленов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев ____________________
2016 жылғы «_____»_____________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 388 бұйрығына
Нысан
Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны
|
р/с №
|
Жеке тұлға бойынша мәлімет
|
Көрсетілген қызметтің атауы
|
Көрсетілген қызметтің сомасы
|
Көрсетілген қымзетті растайтын құжат
|
|||
|
ЖСН
Жеке сәйкестендіру номері
|
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
|
Құжаттың атауы
|
Құжаттың күні
|
Құжаттың №
|
|||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 388 бұйрығына
Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жүмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1- тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны толтыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мәлімет).
2. Мәліметтерді білім беру ұйымдары:
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электрондық тәсілмен және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады;
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы ұсынады.
3. Білім беру ұйымдары Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын алған күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде береді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру
4. Нысанда Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растайтын мәліметтер көрсетіледі.
5. Мәлімет әрбір қарыз бөлігінде бөлек беріледі.
6. Мәлімет өзіне мынадай деректерді қамтиды:
1) 1-бағанда – жолдың рет нөмірі;
2) 2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестердіру нөмірі;
3) 3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) 4-бағанда – Қөрсетілген қызметтің атауы;
5) 5-бағанда – Көрсетілген қызметтің сомасы;
6) 6-бағанда – құжаттың атауы;
7) 7- бағанда – құжаттың күні;
8) 8-бағанда – құжаттың нөмірі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.