Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т.Т.Телғараев
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 тамыздағы
№148 қаулысына 1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
|
Оның ішінде
|
|
|
республикалық бюджет есебінен
|
жергілікті бюджет есебінен
|
|
|
5790
|
5305
|
485
|
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 тамыздағы
№148 қаулысына 2 қосымша
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
|
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс,теңге
|
|
Балабақша
|
|
22177,00
|
|
Шағын орталық
|
|
8961,33
|
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 тамыздағы
№148 қаулысына 3 қосымша
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
Барлығы
|
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
|
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)
|
|
309,52
|
380,95
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.