Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы «2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 194/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы «2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 194/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5155 болып тіркелді, 2016 жылғы 14 шілдеде және 16 шілдеде «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы 170, 171, 172 келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
|
170
|
«№ 3 Павлодар колледжі» КМҚК
|
||
|
171
|
1109000 Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша):
1109012 Токарь
|
25
|
-
|
|
172
|
1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану:
1201072
Автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь
|
25
|
-
»
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орнында орналастыруды;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыс әкімі
Б. Бақауов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.