Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және « Тұрғын үй қатынастары туралы » Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары М. Оразбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ
А. МҰХИМОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
«Арал аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
___________ А. Тасқынбаев
« 2 » қыркүйек 2016 жыл
Арал ауданы әкiмдігiнiң
2016 жылғы « 2 » қыркүйектегі
№ 156-қ қаулысына қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері
|
№
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің
мекен-жайы
|
Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшерлері
|
|
1
|
Арал қаласы, Ә. Сатаев көшесі
№ 1 В, 3 А, 3 Б үйлер
|
57 теңге 28 тиын
|
|
2
|
Арал қаласы, Ж. Әлімбетов көшесі № 5, 7, 11, 19 үйлер
|
60 теңге 10 тиын
|
|
3
|
Арал қаласы, Ж. Әлімбетов көшесі № 86, 88 үйлер
|
61 теңге 64 тиын
|
|
4
|
Арал қаласы, Кіші Арал көшесі № 1, 3, 5, 7, 9 үйлер
|
75 теңге 91 тиын
|
|
5
|
Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 6, 8, 10 үйлер
|
75 теңге 91 тиын
|
|
6
|
Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 2, 4 үйлер
|
72 теңге 43 тиын
|
|
7
|
Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 5, 9, 11, 13, 15, 17, 19 үйлер
|
88 теңге 28 тиын
|
|
8
|
Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 12, 14, 16 үйлер
|
94 теңге 62 тиын
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.