«Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы №39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №39-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2614 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірдегі №57-58 «Қордай шамшырағы»-«Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған Қағиданың 9 тармағындағы: 1 абзацтағы «1 ең төмен күнкөріс деңгейінен» деген сөздер «5 ең төмен күнкөріс деңгейінен» деген сөздерімен ауыстырылсын;

    3 абзацтағы «6 ай мерізіміне 4 айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациалық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жатияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    Р. Нурсипатов

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    Б.Әлімбет

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.