«Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 6 сессиясының төрағасы
І. Тілеп
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы
Н. Байқадамов
Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы 31 тамыздағы №55 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар
|
№
|
Ауру түрі
|
Халық санаты
|
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
|
Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)
|
|
1
|
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
|
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
|
Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі
|
- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг
- Ацетилцистеин 100 мг
- ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады)
|
|
2
|
Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы
|
II, III, IV сатысы
|
- Силденафил 50 мг
- Бозентан 125 мг
|
|
|
3
|
Аяқтың эмболиясы және тромбозы
|
Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда
|
- Ривароксабан 10 мг
Аббревиатураның толық жазылуы:
мг – миллиграмм
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.