Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қараша 2007 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

    1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

    Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика Сауат Мұхаметбайұлы және минералдық ресурстар министрі

    Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі;

    көрсетілген Комиссияның құрамынан Б.С.Ізмұхамбетов, М.Ә.Құсайынов шығарылсын.

    2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Н. НАЗАРБАЕВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.