Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қазан 1997 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    "Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңының 6-бабына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 314-құжат) сәйкес қаулы етемiн:

    "1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 89-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

    Жарлықтың қосымшасында:

    "Өзбекстан Республикасының" деген бағанның "Оңтүстiк Қазақстан облысы" деген жолындағы "150" деген сан "135" деген санмен ауыстырылсын;

    "Өзбекстан Республикасынан" деген бағанның "Жиыны" деген жолындағы "400" деген сан "385" деген санмен ауыстырылсын;

    "Монғолиядан" деген бағаннан кейiн мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын: "Сауд Аравиясы Корольдiгiнен";

    "Сауд Аравиясы Корольдiгiнен" деген бағандағы "Оңтүстiк Қазақстан облысы" деген жол "15" деген санмен толықтырылсын;

    "Сауд Аравиясы Корольдiгiнен" деген бағандағы "Жиыны" деген жол "15" деген санмен толықтырылсын.

    Қазақстан Республикасының Президентi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.