Сайрам ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Сайрам ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

    «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Сайрам ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    С.Сапарбаев

    Сайрам ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 6 қыркүйектегі

    №338 қаулысына қосымша

    Сайрам ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары

    Мекен жайы
    1
    Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Төлеби және М.Шоқай көшелерінің қиылысы, «Азина» дүкенінің жаны
    2
    Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Сұраншы Батыр көшесі, №16 және №18 көпқабатты тұрғын үйлердің аралығы
    3
    Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ташимов және Колхозшы көшелерінің қиылысы
    4
    Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, «Дихан» өндірістік кооперативі гаражының алды
    5
    Жібек-Жолы ауылдық округі, Жібек-Жолы ауылы, Алматы-Термез тас жолы және Жібек-жолы көшесінің қиылысы
    6
    Қайнарбұлақ ауылдық округі, Қасымбек Датқа ауылы, Қ.Мусаев және С.Сарманов көшелерінің қиылысы
    7
    Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылы, Шапағат және Актілек көшелерінің қиылысы
    8
    Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, М.Әуезов көшесі, №17 жалпы орта мектебіне қарама-қарсы
    9
    Құтарыс ауылдық округі, Құтарыс ауылы, Абай көшесі, су ұнғысы ғимаратының алды
    10
    Көлкент ауылдық округі, Көлкент ауылы, Көлкент-Құтарыс тас жолы, «Санур -1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бидай қырманының алды
    11
    Көлкент ауылдық округі, Көлкент ауылы, Шымкент және Ленин жолы көшелерінің қиылысы
    12
    Қарамұрт ауылдық округі, Қарамұрт ауылы, С.Жораев және М.Мухитдинов көшелерінің қиылысы
    13
    Манкент ауылдық округі, Манкент ауылы, О.Қурбаналиев көшесі, музей ғимаратының алды
    14
    Манкент ауылдық округі, Манкент ауылы, О.Қурбаналиев және Жамал-апа көшелерінің қиылысы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.