Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі және 2015 жылғы 18 желтоқсандағы қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 1779 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2938 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырдағы № 19 «Пульс! Зыряновска» және «Көктас таңы» газеттерінде жарияланған);
2) «2016 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4343 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 4 «Пульс! Зыряновска» және «Көктас таңы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Зырян ауданының әкімі
А. Кәрімов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.