Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

    "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    Берiлiп отырған Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары

    Қазақстан Республикасы

    Үкiметiнiң

    1996 жылғы 30 қазандағы

    N 1316 қаулысымен

    бекiтiлдi

    Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем алу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ереже

    1. Осы Ереже "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығының 32 бабына сәйкес әзiрленiп, қолданылады.

    2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсетудi тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

    2. Төлемшiлер

    3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн, заңды және жеке тұлға төлем жасайды.

    3. Тiркегенi үшiн төлем жасаудан босату

    4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн төлем жасаудан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестiрiлген тұлғалар, I және II топтағы мүгедектер және бөлек тұратын зейнеткерлер, сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi пайдаланатын өзге де адамдар босатылады.

    5. Прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың сұрауы бойынша ақпаратты олардың құзырына сәйкес, тiркеушi орган ақысыз негiзде бередi. Бұл жағдайда талап етушi орган сұраған ақпараттарына негiздеме беруi тиiс.

    4. Тiркегенi және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем мөлшерi

    6. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем төленетiн күнi республикада белгiленген айлық есеп көрсеткiшi тұрғысынан саналатын мынадай мөлшерде төлем алынады:

    жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн;

    а) жеке тұлғалардан - жарты айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде;

    б) заңды тұлғалардан - 10 айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде;

    ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн жеке және заңды тұлғалардан жарты айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде төлем алынады.

    Ақпараттық қызмет көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi.

    5. Төлем төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi

    7. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем банк мекемесiне, тiркеу органына өтiнiш бергенге дейiн төленедi.

    8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін ақыны есептеу жергілікті бюджеттердің кірісіне жүргізіледі.

    Ақпараттық қызмет көрсеткені үшін ақы тіркеуші органның шотына есептеледі.

    9. Тiркеу органына жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу немесе ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем төленгендiгi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi берiледi.

    10. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi осы Ереженiң 4-тармағында анықталған жағдайлардан басқа төлем төлемей жүргiзуге тыйым салынады.

    11. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылса мынадай жағдайдан басқаларға төленген төлем қайтарылмайды:

    осы Ереже талабы бойынша үлкен мөлшердегi төленген төлемге; тiркеудi жүргiзуге бас тартқан төлемдi төлеген тарапқа.

    6. Төленген төлем үшiн жауапкершiлiк

    12. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлемдi толығымен және уақтылы төлеуге жауапкершiлiк тiркеу органына жүктеледi. 7. Аударылған төлемге бақылау

    13. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн төлемдi жергiлiктi бюджет табысына толығымен және уақтылы аударуға бақылауды салық органдары жүзеге асырады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.