Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін жойылды және күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27- бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері жойылды және күші жойылды деп танылсын
2. Осы шешім қолданысқа қол қойылған күнiнен бастап енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті 4 сессиясының төрағасы:
О.Сейтмуратов_______________
Аудандық мәслихаттың хатшысы:
Е.Әжікенов ______________
2016 жылғы 29 шілдедегі
аудандық мәслихаттың № 38
шешіміне қосымша
1. «Сырдария аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының №201 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 03 наурызда №4622 болып тіркелді, «Тіршілік тынысы» газетінің 2016 жылғы 27 наурызда №23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
2. «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының №206 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 наурызда №4626 болып тіркелді, «Тіршілік тынысы» газетінің 2016 жылғы 02 сәуірде №24 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
3. «Сырдария аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының №201 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 мамырдағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының №311 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 мамырда №4998 болып тіркелді, «Тіршілік тынысы» газетінің 2015 жылғы 03 маусымда №41 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
4. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 қарашадағы №344 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №382 шешімі жойылды деп танылсын.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.