Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 17/04 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қыркүйек 2016 ж.

    Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 17/04 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 17/04 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-10-97 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 51-52 (7218) «Тоқырауын тынысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары А.Сайдыға жүктелсін.

    Аудан әкімі

    С.М.Әбеуова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.